Қазақстанда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион аяқталды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Бүгін, 2023 жылғы 12 шілдеде Қазақстанда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған алтыншы электрондық аукцион өткізілді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Аукцион ҚР ҚМ «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ-тың электрондық аукцион операторының www.e-qazyna.kz сайтында жер қойнауының 9 учаскесі бойынша өткізіліп, оның қорытындысы бойынша қол қою бонусының ең көп мөлшерін ұсынған аукцион жеңімпаздары анықталған.

Бұл аукцион 01.01.2023 жылдан бастап қолданыста болған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне енгізілген өзгерістер ескеріле отырып өткізілген. Егер, жеңімпаз кепілдік жарнасы мен қол қою бонусын төлемеген жағдайда, аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушымен келісімшарт жасасу мүмкіндігі де қаралады.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 100-бабына сәйкес аукцион жеңімпазы аукцион қорытындылары жарияланған күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қол қою бонусын төлейді және құзыретті органға қол қойылатын бонустың төленгенін растауды және өз тарапынан қол қойылған құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жібереді», делінген хабарламада.

Осыған байланысты, жоғарыда айтылған мерзім өткеннен кейін Энергетика министрлігі электрондық аукцион қорытындысы бойынша соңғы ақпаратты ұсынады.

Осыған дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі «Жеңіс» геологиялық барлау бағытындағы оффшорлық мұнай-газ жобасында көмірсутек қоры анықталмағанын, сондықтан жоба тоқтатылатынын хабарлады. 

Сондай-ақ оқыңыз