Алматы әкімі жеткізу қызметтерінің электромопедтерді пайдаланатынын сынға алды

Жарияланды

Фото: polisia.kz

Алматыда мопедистер қозғалысы ретсіз. Бұл мәселе Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында көтерілді.

«Электросамокаттардың қозғалысы заңнамалық тұрғыда реттеді. Заңның қабылданғанын, күшіне енгенін білесіз. Келесі өзгерістер пакеті мопедтермен байланысты: электромопедтер мен двигателі 50 текше метрге дейінгі қозғалатын құралдарға қатысты. Олардың барлығы заң тұрғысында көлік құралдары деп танылған кезде әрі тиісті тіркеу жүргізілгеннен кейін ғана полицияға айыппұл сала алады», деді әкім.

Қала басшысы Арбат бойынша мопедтердің қозғалысына тыйы салынғанын айтты.

«Мен Алмалы ауданына барған сайын, олардың түнде жүретіндері туралы өтініштер келіп түседі, біз оларға шара қолданамыз. Басты проблема – мопедтермен тамақ тасылуда. Үлкен компаниялар алған тапсырыстарын орындау үшін ережелерді бұзып жатыр. Мопедтерге тиісті шаралар қолдану мәселесін қарастырып жатырмыз», деді Ерболат Досаев.

Әкім мопед айдаушылардың қозғалысын заңдық негізде ғана реттеуге болатынын айтады.

«Алматыда ғана емес, елімізде де проблеманы шешуге мүмкіндік беретін ең жақсы шешім – бұл заңнамалық шектеулер. Электросамокаттар туралы ұзақ талқылаулардан кейін тиісті заң нормалары қабылданды. Мопедтер бойынша-электромопедтер мен 50 текше см-ге дейінгі қозғалыс құралдары бойынша нормалар әлі қабылданған жоқ. Күзде бұл мәселе түпкілікті шешіледі деп үміттенеміз және бұл мәселеге қайтып оралмаймыз деген ойдамын», деді ол.

Алматы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров та мопедтердің жолдың жүру бөлігімен және тротуарлармен жүру ережесіне қатысты іс-шаралар қолға алынғаны айтты.

Халықпен кездесу барысында әкім Бостандық ауданында 5 жаңа мектеп пен 2 балабақша ашылатынын мәлімдеді. Сонымен бірге Досаев кездесу барысында не себепті бордюрлердің жиі ауыстырылатын да түсіндіріп берді.

Сондай-ақ оқыңыз