Оңтүстік Кореяда жаңбырдан көз жұмғандар саны 32 адамға жетті

Жарияланды

 Оңтүстік Кореядағы жауған жауыннан су тасып, көшкін болып, мыңдаған адам эвакуацияланды, 32 адам қаза тапты, деп хабарлады ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Табиғи апаттармен күресу және қауіпсіздік шаралары жөніндегі орталық штаб жексенбі күні таңертең елге жауған нөсер жаңбырдан қаза тапқандардың саны өткен аптада 26-ға жеткенін хабарлаған еді.

Құтқарушылар орталықтағы Осон қаласындағы су басқан жерасты туннелінде тұрып қалған автобустан тағы алты адамның денесін алып шықты. Ұзындығы 685 метрлік туннельде жолаушылары бар автобус және шамамен 15 жеңіл көлік болған. Құтқару жұмыстары жалғасуда. Зардап шеккендердің саны артуы мүмкін екені хабарланды.

Қаза тапқандардың басым бөлігі Солтүстік Кёнсан оңтүстік-шығыс провинциясында тіркелген, онда 17 адам негізінен көшкін мен тұрғын үйлердің құлауынан мерт болды, ал тағы тоғыз адам хабар-ошарсыз кетті.

Билік жоғалған адамдарды құтқару үшін бар күшін салуға уәде берді. Қорғаныс министрлігі табиғи апат салдарын жоюға көмек көрсету үшін 472 әскери қызметші мен 69 техника жұмылдырылғанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз