Украина Ресей бизнесмендеріне тиесілі банкті мемлекет меншігіне ауыстырады

Жарияланды

Фото: wikipedia

Украинаның Ұлттық банкі Украинаның Sense банкін – бұрынғы Альфа-Банкті нарықтан шығару туралы шешім қабылдады.

Ұлттық банк ел үкіметіне несие мекемесін мемлекет меншігіне өткізу туралы өтінішпен жүгінген. Ұлттық банк басшысы Андрей Пышныйдың айтуынша, ұлттандыру 21 шілде, жұма күні өтеді. Дәл осы күннен бастап банкте уақытша әкімшілк дұмыс істей бастайды. Министрлер кабинеті Sense банкін нарықтан шығарып, мемлекеттің қатысуы туралы шешім қабылдағаннан кейін үш күн ішінде жұмысын аяқтап, бақылауды жаңа басшылыққа береді.

Жеке тұлғаларға қызмет көрсету әдеттегідей жұмыс істейтін болады, заңды тұлғалардың төлемдеріне шектеу қою жоспарланбаған.

Sense банкінің түпкілікті иелері украиналық санкцияларға ұшыраған ресейлік бизнесмендер Михаил Фридман, Петр Авен және Андрей Косогов. Біріншісінде – Израильдің, екіншісінде – Латвияның төлқұжаты бар. Екі кәсіпкер де ЕО, Ұлыбритания, Канада, Швейцария, Австралия және Жаңа Зеландияның қара тізімінде.

Sense Bank активтері бойынша Украинада 11-ші орында тұр. Оның номиналды иелері – Люксембургтегі ABH Holdings SA және Cypriot ABH Financial Limited. Олар банкті мемлекеттіңменшігіне ауыстырудың кез келген әрекетіне қарсы шығатындарын мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз