Рухани жаңғыру болмайды: «Рухани жаңғыру жобасы» заңды негізде тоқтайды
«Ашық НҚА» порталында «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының күшін жою туралы қаулы талқыланып жатыр.
«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 724 қаулысының күші жойылды деп танылсын», делінген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген құжатта.
Түсіндерме құжатта бұл жобадағы мақсат-міндеттер мемлекеттік басқа бағдарламалар мен жобаларда жалғасын табатыны айтылған.
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысының қорытындысы бойынша бақылауды бекітудің 5-тармағына сәйкес «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының іс-шараларын одан әрі күшін жоюға ұсына отырып, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа құжаттарына интеграциялауды аяқтау тапсырылды. Үкімет аппаратына енгізу мерзімі – 2023 жылғы тамыз», деп түсіндірілген құжатта.
Қаулы 14 тамызға дейін талқыланып, қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.