WhatsApp Web-те «фондық синхрондау» опциясы пайда болды

Жарияланды

WhatsApp Web-те синхрондау фондық режимде жүретін болды. Бұл туралы Inbusiness.kz хабарлады.

Жаңа мүмкіндік браузер беті ашық тұрмаса да, хабарламаларды фондық режимде автоматты түрде сақтап, жаңартуға мүмкіндік береді, яғни пайдаланушыларға хабарламаларды жаңартып отыру үшін WhatsApp Web бетін үнемі ашық ұстаудың қажеті жоқ дегенді білдіреді.

«Фондық синхрондауды» енгізу WhatsApp Web-тің жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді. Пайдаланушылар өздерінің әңгімелері мен чаттарын енді өз қолымен жаңартып отырмайды, жүйе өзі фондық режимде бәрін сақтап отырады. Мұндай түзету, әсіресе, WhatsApp Web-ті жұмыс бабымен, басқа да себептермен күнделікті пайдаланатын қолданушыларға пайдалы болары сөзсіз-делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз