ҚПҚ барлауға лицензиялар беру үшін өтініштерді қабылдау күні 2 қазанға дейін ұзартылды

Жарияланды

ҚР ИИДМ ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің хабарлауынша, барлауға лицензия беруге құжаттарды қабылдауэлектрондық форматқа ауысады. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жер қойнауын пайдалану саласын автоматтандыру шеңберінде ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 365 бұйрығына өзгерістер енгізілуде. Қазіргі таңда бұл бұйрық бекіту сатысында.

Осыған сәйкес, 29 тамызда Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына ҚПҚбарлауға лицензиялар беру үшін өтініштерді қабылдау күнін 1 қыркүйектен 2 қазанға ауыстыру жөнінде өзгерістер енгізілді.

Осылайша 2 қазаннан бастап барлау үшін 300 540 блок қолжетімді болады.

Сондай-ақ оқыңыз