Президент жаңа Ішкі істер министрін тағайындады
Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды.Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды«-делінген Ақорданың сайтында жарияланған құжатта.
Жалпы ақпарат, білім
Туған жылы: 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Құйған ауылында дүниеге келген.
Білімі: 1993 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.
Қызмет жолы:
1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы ІІБ ауданаралық жедел-іздестіру бөлімінің жедел уәкілі.
1994 жылы ШҚО ІІБ жедел-іздестіру бөлімінің аға жедел уәкілі болып тағайындалды.
1995 – 1996 жылдар аралығында ШҚО Өскемен қаласы ІІБ жедел-іздестіру бөлімі жанындағы автокөлікті ұрлау және айдап әкетуге қарсы күрес бөлімшенің бастығы болды.
01.01.1996 – 19.03.1996 мерзімдері аралығында ШҚО Өскемен қ. қылмыстық іздестіру бөлімі мүліктік және нашақорлық қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы лауазымында болды.
1997 – 1998 жылдары ШҚО ІІБ жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу басқармасы іздестіру бөліміне басшылық етті.
1998 жылы ақпан айында ШҚО ІІБ аса қауіпті қылмыстарға қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.
01.07.1998 – 17.02.2000 мерзімі аралығында ШҚО ІІБ аса маңызды істер жөніндегі бөлімнің бастығы.
2000 жылы ШҚО ІІБ Зайсан ауданы ІІО бастығы лауазымына тағайындалды.
2004-2006 жылдары ШҚО ҚІІБ Тарбағатай ауданына ІІО басшылық етті.
2006 жылдың қыркүйек айында ШҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасы бастығы лауазымына тағайындалды.
2008-2009 жылдары ШҚО ІІД Риддер қ. ІІО бастығы.
2009 жылдың мамыр айында ШҚО ІІД Өскемен қ. ІІБ бастығы лауазамына тағайындалды.
2009 жылдың тамыз айында Маңғыстау облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары лауазамына ауыстырылды.
Одан кейінгі қызметтік жолы 2013 жылдан 2015 жылға дейін ҚР ІІМ «Р» Департаментінің бастығы лауазымында өтті.
2015 жылы көліктегі ІІД бастығының міндетін атқарушысы лауазымына тағайындалса, наурыз айында көліктегі ІІД бастығы лауазымына тағайындалды.
2016 жылдың маусым айынан 2019 жылдың сәуір айына дейін Ақмола облысы ПД бастығы.
2019 ж.24.04. – 2022 жылдың 26 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды
2022 жылдың 26 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің орынбасары
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016ж.) мерейтойлық медальдерімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2013ж.); ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен (2018 ж.); «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015ж.) мерейтойлық медалімен марапатталған; ІІО қызметкерлерінің атыс қаруымен марапатталған (2017ж)
Президенттің жарлығымен Марат Ахметжанов Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды», – делінген Ақорданың сайтында жарияланған құжатта.
Жалпы ақпарат, білім
Полиция генерал-полковнигі М.М. Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген.1991 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.
«Құрмет» (2008) және ІІ дәрежелі«Даңқ» (2014) ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен, «Ресей флотына 300 жыл» естелік медалі және «Адмирал Кузнецов» медальдарымен марапатталған.
Отбасылық жағдайы: Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.
Қызмет жолы
Еңбек жолын 1991 жылы тағылымгер қызметінен бастап, кейін Теміртау қаласы прокуратурасының тергеушісі болып қызмет атқарған.
1993-1996 жж. – Бас прокуратура жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы.
1996-1997 жж. – Мемлекеттік тергеу комитетінің Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
1997-1998 жж. – Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
1998-2001 жж. – Тергеу департаменті директорының орынбасары және Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары.
2001-2003 жж. – Бас прокуратураның Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.
2003-2006 жж. – Павлодар облысының прокуроры.
2006-2009 жж.– Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
2009-2012 жж.–ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.
2012-2014 жж. – ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.
2014-2016 жж. – Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.
2016-2021 жж. – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.
2021 -2022 жж. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы.
2022 жылдың 25 ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.
Айта кетейік, Президент жарлығымен елімізде бес министрлік құрылды, төрт министр лауазымынан босады деп хабарладық.
Енді Президент Әкімшілігі басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарған. Есесіне Президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі. Мемлекет басшысы ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды.