Президент жаңа министрлерді тағайындады

Жарияланды

Аида Ғалымқызы Балаева Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

 «Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды«-делінген хабарламада.

«Мәжіліс Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына Аида Балаеваның кандидатурасына келісім берді

Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына Балаева Аида Ғалымқызының кандидатурасы келісілді»-деді ҚР Парламен Мәжілісі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды.

«Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына Шaкқалиев Арман Абайұлының кандидатурасы келісілді»-деді ҚР Парламен Мәжілісі.

Айта кетейік, Президент жарлығымен елімізде бес министрлік құрылды, төрт министр лауазымынан босады деп хабарладық.

Енді Президент Әкімшілігі басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. 

Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарған. Есесіне Президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі. Мемлекет басшысы ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды

Сондай-ақ оқыңыз