Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметіне жаңа функция қосылды

Жарияланды

фото: dengi.ua

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 қыркүйек күні республикадағы қаржылық мониторинг агенттігіне қатысты ережеге енгізілген өзгерістерді мақұлдады.

Жарлыққа сәйкес, ҚР Қаржы мониторингі агенттігі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөнінде өзге де шаралар қабылдайтын орган екендігі нақтыланды.

Сонымен қатар, органның тікелей ҚР Президентіне бағынатыны хабарланды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мынандай қызметтік бағыттары бар.

Олар: терроризмді қаржыландырумен күрес, мұндай сарындағы қызметтерді тоқтату, ескерту, анықтау, жолын кесу;

Қазақстан Республикасының заңнамасына негізінде осы органның қарамағындағы экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеу.

Бірқатар қаржылық қылмыстармен күресу мақсатында агенттіктің функцияларына мыналар қосылды:

  • заңды тұлғаларға тән бенефициарлық меншік иелері тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;
  • ҚР Бас прокуратурасымен бірлескен нормативтік құқықтық актімен активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты электрондық нысанда беру тәртібін айқындау;
  • заңды тұлғаларға тән бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу.
Сондай-ақ оқыңыз