Сирия президенті Қытайға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты
Жарияланды
Сирия Қытайға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіреді, деді Сирия президенті Башар Асад жұма күні ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу барысында. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«Сізге және Қытай үкіметіне Сирия халқы үшін жасаған барлық істеріңіз үшін алғыс айтамын», – деді Асад.
Сонымен қатар, Асад Си Цзиньпинмен кездесуі Сирия мен Қытай арасында әртүрлі салаларда ұзақ мерзімді және кең стратегиялық ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді деп үміттенеді.
Бейсенбіде Асад Ханчжоу қаласына келді,. Оны ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытайға шақырды. Бұған дейін Қытайдың Орталық телеарнасы Асад Ханчжоуда XIX Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысады деп хабарлаған болатын.