Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешенінің тұрғындары өрттен болған жөндеуден кейін өз пәтерлеріне оралды

Жарияланды
жк
Фото: Алматы әкімдігі

Өрт болған «Ақкент» тұрғын үй кешенінің тұрғындары жөндеуден кейін өз пәтерлеріне оралды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қанша пәтер жөнделді. Әкімдіктің мәліметінше, өрттен зардап шеккен 96 пәтердің 95-і жөнделді, бір пәтердің иелері жөндеу жұмыстарынан бас тартты. Қазір үйде тұрғындар 100% қоныстанған.

Қандай жұмыстар жүргізілді.

«Құрылыс салушы кабельді ауыстырды, есепке алу аспаптарын, кіреберіс, лифт және қабат алаңдарын қалпына келтірді», – деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.

Оның айтуынша, пәтерлерді косметикалық жөндеуге қаражат қаланың ТЖД резервінен бөлінген.

Жөндеу кезінде әкімдік тұрғын үй тұрғындары үшін жалға берілетін баспананы қаржыландырды.

Еске салсақ Алматыда 16 қабатты үй өртеніп жатыр. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда деп хабарладық.

Айта кетейік, 1 тамызда өрт кезінде зардап шеккен «Ақкент» ТК тұрғындары өрттің салдарын жою үшін қажетті көмек алады.

 Еске салсақ, құрылысты салушы «Ayt housing Complex» ЖШС тарапынан өрт кезінде қаза тапқан жанның  отбасына өтеусіз негізде екі бөлмелі пәтер берілетін болады. 

Сондай-ақ оқыңыз