Министр Шәріпханов қызметкерлерінің «ақша жинағанына» қатысты жауап берді
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов бұрынғы азаматтық қорғау қызметкері Зуялхан Гасановтың ақша жинауға қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді.
«Мұндай жағдай болды. Біз оған кеше жауап бердік. Менің ұстанымым – адал өмір сүру, еңбек ету. (…) Мен жұмысқа кіріскенде бұл туралы айттым. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тығыз жұмыс істейміз. Бұл жағдайда біз тексеру жүргіздік. Мұндай фактілер анықталған жағдайда шаралар қабылданады», – деді Сырым Шәріпханов Үкімет отырысынан кейін.
Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы азаматтық қорғау қызметкері Зуялхан Гасанов министр Сырым Шәріпхановқа Түркістан облысының құтқарушыларынан ақша жиналғанын айтқан еді. Содан кейін министрлік Зуялхан Гасановтың мәлімдемесіндегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы кезекті арандатуышылықты іске асыру екенін мәлімдеді.
«Ол бірнеше рет осындай мәселелер бойынша ТЖМ-ге жүгінді, бірақ тексеру нәтижелері бойынша ол көрсеткен дәлелдер расталмады. Осыған қарамастан, өтініште айтылған әрбір факт бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп қызметтік тергеу жүргізілетін болады», деп түсініктеме берді министрлік.
Бұған дейін Гасанов Зуялхан 2022 жылы жала жапқаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылған. Бұл азамат қазір азаматтық қорғау органдарында қызмет етпейді.