OpenAI өз акцияларын 86 млрд долларға сатуды жоспарлап отыр

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Американдық танымал ChatGPT чат-ботының әзірлеушісі OpenAI компанияның жалпы құны 86 миллиард доллар болатын акцияларын сату мәселесін талқылап жатыр. Компанияның осыған байланысты инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы Financial Times басылымы жазған.

Басылым компанияның қазіргі инвесторлармен 1 миллиард долларға қызметкерлердің акцияларын сатып алу туралы тендерлік ұсыныстарды талқылап жатқанын хабарлайды. Газет дереккөздерінің мәліметінше, қызметкерлердің құжаттарды сақтауға деген ұмтылысы ескеріліп, нақты сома айтарлықтай аз болады деп болжанып отыр.

Компания өз акцияларын жаңа инвесторларға ұсына ма, әлі белгісіз. Әзірге бұл мәмілеге компанияның қззаргі инвесторы Тhrive Capital компаниясының қатысатыны айтылады. OpenAI инвесторлары қатарында одан бөлек Microsoft Corp., Sequoia Capital, Andreessen Horowitz және Khosla Ventures венчурлық қорлары бар.

Бұлайша қызметкерлердің өз акцияларынан ақша табуына мүмкіндік беру арқылы OpenAI-ге бағдарламалық жасақтама мамандарын ынталандыруды көздеп отыр және Google және Amazon сынды алпауыттармен күресте оң ықпал етеді деп күтілуде.

Бейресми деректерге сәйкес, OpenAI компаниясының сәуірдегі инвестициялық раундтағы бағасы 29 миллиард долларды құраған. Содан кейін ол Microsoft пен Thrive сынды инвесторларды тартқан.

Британдық басылым акциялары 86 миллиард долларға бағаланса, OpenAI-дың әлемдегі ең құнды жеке компаниялардың біріне айналатынын жазады. Сонымен бірге, The Wall Street Journal басылымы қыркүйекте дереккөздерге сілтеме жасап, OpenAI инвесторлармен өз акцияларын бүкіл компания құнына негіздеп 80-90 миллиард долларға сатуды көздеп, келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.

Ал ChatGPT әзірлеушісінің жылдық табысы 1 миллиард доллардан асады.

Сондай-ақ оқыңыз