Молдова ТМД-ға жарна төлеуден бас тартты
Молдова ТМД-ға және Достастық платформасындағы басқа ұйымдарға жарналарды төлеуді тоқтатады, деп хабарлады елдің Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі. Мұндай ұсыныстар министрлік әзірлеп жатқан 2024 жылға арналған бюджет туралы заң жобасында қамтылғанын атап өтті.
«Үкімет Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) жыл сайынғы мүшелік жарналар төленетін ұйымдар тізімінен шығарады. Шешім Молдавияның ТМД платформасында құрылған ұйымдарға қатысу туралы бірқатар құжаттардың күшін жояды. Сондай – ақ халықаралық қауымдастықтың Ресей Федерациясына қатысты енгізген банктік санкцияға байланысты қабылданады», – деп түсіндірді Қаржы министрлігі.
Заң бюджетінің жобасында 2023 жылы халықаралық ұйымдарда жыл сайынғы мүшелік жарналарды төлеуге бөлінген сома 16 млн лейге (шамамен 9 900 мың), яғни 66,5 млн лейден 50,5 млн лейге дейін азаяды.
«Шығындардың қысқаруы негізінен 2023 жылы Молдавия ТМД Парламентаралық Ассамблеясына және осы қоғамдастықтың жеті ұйымына – 8,2 млн лейге (шамамен 450 мың доллар) қатысқаны үшін жарна төлемейтіндігімен байланысты. Бұл сома бастапқыда 2023 жылға арналған бюджетте қарастырылған», – деп нақтылады министрлік.
2023 жылдың ақпанында Сыртқы істер және еуропалық интеграция министрі Ник Попеску Молдавия ТМД шеңберіндегі бірнеше ондаған келісімдерден шығу процесін бастайды деп мәлімдеді. Оның айтуынша, республика ТМД-ның 330-ға жуық келісімінің қатысушысы болып табылады, олардың көпшілігі қайта қарауды қажет етеді. Мамыр айында Молдова Парламенті «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясын құру туралы келісімнен шығу туралы түпкілікті шешім қабылдады. Ал шілдеде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы туралы Конвенция күшін жойды.
Көктемгі-жазғы сессия кезеңінде Молдова Парламенті ТМД шеңберінде қол қойылған 20 – дан астам келісімнің, ал қыркүйекте 13 келісімнің күшін жойды.