Бүгін Қазақстанда пилоттық режимде аудандар мен қалалар әкімдерінің сайлауы өтуде

Жарияланды
Фото: Абай облысының әкімдігі

Бүгін Қазақстанда пилоттық режимде аудандар мен қалалар әкімдерінің сайлауы өтуде. Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.

Бүгін Курчатов қаласы мен Абай ауданының тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасайды. Бұл оқиға Қазақстан Республикасының саяси өміріндегі маңызды сәт болып табылады.

Бүгінгі таңда Курчатов қаласы бойынша сайлаушылар тізіміне 6 931 адам, Абай ауданы бойынша – 8 597 адам енгізілген.

Барлық учаскелер дауыс беруге кірісті және сайлаушыларды таңғы 7:00-ден 20:00-ге дейін қабылдауға дайын.

Сондай-ақ оқыңыз