ЖЭО-ларды жаңғыртуға 182 млрд теңге қаражат қажет – Энергетика министрлігі

Жарияланды
Фото: kursiv.media

ЖЭО-ларды жаңғыртуға 182 млрд теңге қаражат кетеді Бұл жайлы Энергетика министрлігі мәдімдеді.

«ЖЭО негізгі және қосалқы жабдықтарының жоғары тозуына байланысты оны жаңғырту мен реконструкциялауға 182 млрд теңге көлемінде қаржыландыру қажет. Айта кету керек, қазіргі уақытта электр станцияларының бекітілген тарифтер шеңберінде электр және жылу энергиясын сатудан түскен кірістері толыққанды жаңғыртуды орындау үшін шығындарды өтемейді», деленген министрлік хабарламасында.

Осы проблемаларды шешу мақсатында Энергетика министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңартылған бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты бастап кетті.

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап 47 энергия өндіруші ұйымның 27-сі үшін электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифтер түзетілген. Олардың тарифтерінің орташа өсуі шамамен 24% -ды құраған. Бұл шаралар осы жылы электр қуаты нарығы шеңберінде шамамен 70 млрд теңге инвестиция тартуға мүмкіндік бермек. 2024-2025 жылдар кезеңінде жұмыс істеп тұрған станцияларды жаңарту, жаңғырту және жөндеу үшін генерация секторына бағдарламаны іске асыру есебінен қосымша 180 млрд теңгеге дейін тартылмақ.

Аталмыш бағдарлама қысқа және орта мерзімді шараларды қамтиды. Сол себепті қысқа мерзімді шаралар шеңберінде жаңғыртуға және қалпына келтіруге жатпайтын тозу деңгейі жоғары жылу электр орталықтары бойынша үш жылдық кезеңге, 2024 – 2026 жылдарға негізгі және қосалқы жабдыққа күрделі жөндеу жүргізу бойынша инвестициялық бағдарламалар жасау ұсынылған.

«Бұл жаңа қуаттарды іске қосқанға дейін жылыту маусымдарының тұрақты өтуі үшін жылу электр орталықтарының деректерін жұмысқа жарамды күйде ұстауға мүмкіндік береді. Жетіспейтін қаражатты жабу ЖЭО жабдықтарын күрделі жөндеуге қысқа мерзімді инвестициялық бағдарламалар жасау жолымен электр қуаты нарығы бойынша қайтарымды қаражаттың жылдық лимиті шеңберінде шамамен 100 млрд теңге мөлшерінде жыл сайынғы қаржыландыруды бөлу есебінен жоспарланған», – деп хабарлайды министрлік.

Инвестициялық бағдарламалардың орындалуы барысында әрбір өңірде энергетикалық қадағалау комитеті бақылау жүргізеді.

Сондай-ақ алынған қаражатты мақсатты пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша нарыққа қатысушылардың қосымша міндеттемелерін енгізу мақсатында заңнамаға түзетулер пысықталуда.

Осыған дейін ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев «Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидаты бойынша тарифтік саясатты реформалау шеңберінде салаға жаңа инвестицияларды ынталандыру арқылы коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан болатын.

Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысыда да «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасын тиімді әрі уақытылы жүзеге асыру Үкіметтің басты міндеті екенін айтты.  

Сондай-ақ оқыңыз