Павлодар облысының әкімі тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңір тұрғындарын мүмкіндігінше көшеге шықпауға шақырды. Ол бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Желдің қатты екпініне байланысты (20м/с астам) мүмкіндігінше көшеге шығудан бас тартуларыңызды сұраймын.
Облыс бойынша ғимараттардан шатырлардың ұшып кетуі, электр қуатының өшуі, сондай-ақ ағаштардың құлау жағдайлары орын алды.
ТЖД күштері мен коммуналдық қызметтер табиғи апаттың салдарын жою мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Біз барлық жұмыстарды мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргіземіз. Сабыр сақтауларыңызды сұраймын»,- деді әкім.
Ол сондай-ақ, ТЖД штаб құрылып, жедел желі жұмыс жасауда, байланыс нөмері:
+7 7182 32 36 92 және 112, сонымен қатар 109 нөміріне хабарласуға болады деп мәлімдеді.