Джо Байден Израиль мен ХАМАС арасындағы бітімгершілікті ұзартуға үміт артады

Жарияланды
Фото:shutterstock

АҚШ президенті Джо Байден Израиль мен Хамастың уақытша атысты тоқтату туралы шешімін қолдауға шақырды. Бұл туралы Ақ үй баспасөз қызметі хабарлады.

Джо Байден болашақта АҚШ «Таяу Шығыстағы зорлық-зомбылық циклына» нүкте қоюы тиіс екенін атап өтті.

«Біз израильдіктер мен палестиналықтардың тең бостандық пен қадір-қасиетке ие екі мемлекет туралы келісім аясында өмір сүре алатын шешімге ұмтылудағы жігерімізді растауымыз керек. Екі халыққа – екі мемлекет. Бұл қазір бұрынғыдан да маңызды», – деді Байден.

АҚШ басшысы екі себеп бойынша соғыс қимылдарын тоқтата тұруды дәйекті түрде талап еткенін айтты: Газаға гуманитарлық көмекті кеңейту және кепілге алынғандарды босатуға көмектесу.

Соңғы бірнеше аптада Джо Байден уақытша атысты тоқтату үшін Катар әмірімен, Египет Президентімен және Израиль премьер-министрімен бірнеше рет сөйлесті. АҚШ президенті осы мақсатқа жетудегі серіктестігі үшін барлық үш көшбасшыға алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз