Көктемде сұйытылған мұнай газының бағасын 5 теңгеге көтеруді жоспарлап отырмыз-Энергетика министрі

Жарияланды (жаңартылды )
Фото:аzattyq-ruhy.kz

 Тілшілер Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевқа елімізде сұйытылған мұнай газы 1 қантардан бастап қымбаттай ма, әлде жоқ па деген сұрақ қойды.

«Сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасы 3 жыл ішінде кезең-кезеңмен көтеріледі. Бірақ дәл қазіргі кезде сұйытылған газдың бағасы нақты қанша болатынын айта алмаймын. Еліміздің ішкі нарығында тауарлық газды көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау ережесіне өзгерістер енгізілді.  Келер жылдың көктемінде сұйытылған мұнай газының бағасын 5 теңгеге көтеруді жоспарлап отырмыз»,  – деді министр.

Жаңа бұйрық 2023 жылдың 22 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, бүгін Энергетика министрлігі 2023 жылдың соңына дейін сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын жаңа бұйрықпен бекітпек деп хабарладық.

Сондай-ақ оқыңыз