Шыршаны заңсыз кескендер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Жарияланды
Фото: shutterstock, polisia.kz

ҚР ІІМ ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 50 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Егер құқыққа қайшы әрекеттермен елеулі залал келтірілсе, онда бұл жағдайда 160 АЕК-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

15 желтоқсаннан бастап ІІМ экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Шырша» акциясын бастады. Акция барысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері орман алқаптары бойынша рейдтер жүргізеді.

Осы салада табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 50 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Егер құқыққа қайшы әрекеттермен елеулі залал келтірілсе, онда бұл жағдайда 160 АЕК-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, ІІМ шыршаларды немесе басқа қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз сатудың немесе тасымалдаудың куәсі болсаңыз – «102» хабарласуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыз