Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары 14 млн теңге пара алды деген күдікке ілікті

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы
Қамқорлыққа аламын деп 14 млн пара алған/ kursiv.media

Алматыдағы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары кәсіпкерлерден ірі көлемді пара алу бойынша күдікті болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

«Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алу бойынша күдікке іліккен. Қаражат мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесу үшін алынған», – деп жазылған хабарламада.

Тергеу сотының санкциясымен қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Күдіктіге қатысты тергеу жалғасып жатыр. Күдікке ілікен әкім орынбасарының кім екені айтылмаған.

Жалпы әкімдік сайтындағы ақпаратқа сәйкес Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі Көкебаева Гүлнар Ахметжанқызы. Оны үш орынбасары бар. Олар: Әкежанов Дамир, Рахымгалиев Жандос, Данияр Әлкебайұлы. Әкім орынбасарлары кәсіпкерлік және өнеркәсіп, қаланы көркейту, білім және ішкі саясат бағыты бойынша жұмыстар атқаратыны жазылған.

Еске салар болсақ, Алматыда оқушылар лагерін сауна кешенінде ұйымдастыру ісіне қатысы бар деген күдікпен қалалық білім басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты іст сотқа жіберілгенін жазғанбыз.

Бұған дейін Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін алу үшін жер ресурстарын басқару департаменті басшысы пара алғаны белгілі болған. 

Сондай-ақ пара алу дерегімен көп ұсталатын министрліктер бар. Олардың қатарында ІІМ, ал одан кейінгі орында Қаржы министрлігі.   

Сондай-ақ оқыңыз