Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестор жобасына қасақана келісім беруді кешіктірген – Бас прокуратура

Жарияланды
Никита кислицин

АШМ келісім беру уақытын 99 күнге созған / Фото: kursiv.media

Бас прокуратура Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысынан заңсыздықтар анықтады. Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, АШМ инвесторға жобаға қатысты келісім беруді әдейі кешіктірген.

«Бас прокуратура мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ (Task Force) бірлескен жұмысы аясында Ақмола облысында құрама жем зауыты мен құс фабрикасын салу жобасын іске асыратын отандық инвестордың проблемасы анықталды. Инвестициялық жобаны іске асыру кезінде Ауыл шаруашылығы министрлігі заң талаптарын бұза отырып, келісу мерзімін 25 жұмыс күнінің орнына 99 күнге дейін созған», – делінген хабарламада.

Прокуратура бұл заң бұзушылықтарға байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар тарту департаментінің директорын тәртіптік жауапкершілікке тартқан.

Ал инвесторға оң салалық қорытынды берілген. Солайша ол жобаны іске асыруға мүмкіндік алған.  Осылайша прокурорлар инвесторлардың 89 проблемалық кейсті шешкен.

Сондай-ақ оқыңыз