Алматы әуежайы Қаңтар оқиғасында келтірілген шығын үшін өтемақы алды ма

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Алматы әуежайы Қаңтар оқиғасында келтірілген шығын үшін өтемақы алды ма / shutterstock

Алматы халықаралық әуежайының президенті Алп Эр Тунга Эрсой 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін келтірілген залал үшін өтемақы алудан бас тартқанын айтты.

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қаладағы халықаралық әуежай президентіне «2022 жылғы Қаңтар оқиғасынанда келтірілген залал өтелді ме» деген сұрақ қойылды. 

«Терминал ғимаратына, дүкендерге, банкоматтарға зиян келтірілген еді. Алматы әуежайы жүйесі зардап шеккен жоқ. Әкімдік тарапынан қолдау туралы айтатын болсақ, біз ешкімнен қолдау сұрамадық. Себебі елде сақтандыру болды. Біз әуежай жабылған аптадағы пайдадан айырылдық. Бірақ бастысы елдегі тыныштық деп ойлаймын», – деді Алп Эр Тунга Эрсой. 

Айта кетейік, 2023 жылы 11 шілдеде Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайы ғимаратын басып алмақ болған деген айыппен 5 адамға сот үкімі шықты. Істі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Мартпек Кәкімжанов қарады.

Сот үкіміне сәйкес, журналист Айгерім Тілеужанова 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырыды деп танылды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.  К.Нұрпейісов ғимаратқа шабуыл жасады деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев пен Жанайдар Карменов әуежайға шабуыл жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Іс бойынша мемлекеттік айыпталушының дерегінше, Алматы әуежайында аса ірі көлемде 313 млн теңгеге залал келген, Air Astana – 5 млн теңге, SCAT – 1 млн теңге, ал кәсіпкерлік субъектілері – 414 млн теңге зардап шеккен.

Сондай-ақ оқыңыз