Orbis Group компаниясы тасқын судан зардап шеккендерге 1 млрд теңге жібереді

Жарияланды
Orbis Group компаниясы
Orbis Group компаниясы

Orbis Group компаниясы су тасқынынан зардап шеккендерге 1 миллиард теңге көмек жібереді. Бұл жайлы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Orbis Group компаниясының құрылтайшылары Фаррух және Сухраб Махмудовтар «Нефтегаз Капитал» компаниясымен бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсету үшін 1 млрд теңге бөледі.

Бұл қаражат Батыс Қазақстан облысына баспанасыз қалған тұрғындардың баспанасын қалпына келтіруге және салуға, сатып алуға жұмсалады.

«Осы қиын кезеңде баспанасыз, күн көріссіз қалған отандастарымызға бүкіл елмен бірге көңіл айтамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа көмек қолын созуға шақыруын қолдауды өз парызымыз деп санаймыз. Азаматтардың қалыпты өмірге тезірек оралуына тілектеспіз», – деді Orbis Group директорлар кеңесінің төрағасы Фаррух Махмудов.

Orbis Group компаниясы – экономиканың әртүрлі салаларында жұмыс істейтін ондаған кәсіпорындар мен ұйымдарды біріктіретін көпсалалы қазақстандық компания. 2001 жылы құрылған. Бас кеңсесі Алматыда. Топтың көпсалалы құрылымы негізінен мұнай саласына бағытталған. Компания мұнай-химия, автобөлшек сауда, агробизнес, агрохимия, құрылыс, көлік, көлік және қоғамдық тамақтану салаларында қызметтердің толық кешенін ұсынады.

Еске сала кетсек, Кеңес Рақышев пен Әсел Тасмағамбетова су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 1,2 млрд теңге бөлді.

Айта кетейік «Курсив» 2024 жылғы 18 сәуірдегі деректер негізінде арнайы инфографика жасады. Әзірленген инфогарфикада қазақстандық компаниялардың елдегі су тасқынына байланысты зардап шеккендерге арнап, қанша қаражат бөлгені жайлы толық ақпарат көрсетілген. Ондағы кестеден KazMinerals тобының 40 млрд теңге, Тимур Құлыбаевтың 30 млрд теңге бергенін көруге болады. Кестемен толығырақ мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.  

Сондай-ақ оқыңыз