Энергетика министрлігі Reuters басылымының Ресейдің Қазақстанға мұнай транзитін доғаратыны туралы ақпаратын жоққа шығарды
Сәуірдің 25-і күні Reuters басылымы Ресей Қазақстанға мұнай транзитін маусым айында аяқтауы мүмкін екенін ескертті. Басылым дерегінше, оған Германиямен төлем мәселесіне туындаған кедергі әсер етеді екен.
Бұл теңізге шыға алмайтын елдің ресейлік экспортқа тәуелді екенін көрсетеді деп жазды Reuters дереккөздерге сілтеме жасап. Ақпарат агенттігі ресейлік құбыр желісі арқылы мұнай тасымалдайтын Қазақстан экспортының осал екенін әшкере етті деп хабарлайды.
Бұл ақпаратты ҚР Энергетика министрлігі жоққа шығарды.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев наурыз айында өткен ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мұнай экспорты да өсіп, 70,5 миллион тоннаны немесе 109,6%-ды құрағанын мәлімдеді.
Министр Ресей мұнайының ел аумағы арқылы өтетін транзит көлеміне тоқталды. Көрші мемлекет Қытайға – 10 миллион тонна, Өзбекстанға – 0,15 миллион тонна мұнай жеткізеді. Ал Дружба жүйесі бойынша мұнайды 1,2 миллион тонна көлемінде, сондай-ақ Баку-Тбилиси-Джейхан бағытында тиісінше 2024 жылға 1,5 миллион тонна көлемінде тасымалдау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.