Лондонда тергеліп жатқан Қазақстан азаматына Сыртқы істер министрлігі құқықтық көмек береді

Жарияланды (жаңартылды )
Фото:kursiv.media

ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров Лондонда кісі өлтірді деген айыппен қамауға алынған ҚР азаматынының қазіргі жағдайы туралы айтты. 10 мамыр күні Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігіне жергілікті полиция қазақ азаматтары ұсталғанын хабарлаған.

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, ұсталғандардың екеуі – ерлі-зайыпты адамдар. Әйелін полиция ешқайда жібермеу туралы қолхатпен босатқан. Ал күйеуін құқық қорғау органдары тергеп жатыр.

«Өз азаматымызға қажетті барлық консулдық құқықтық көмек көрсетудеміз, оған адвокат тауып береміз. Оның Қазақстандағы туыстарымен де байланыстамыз», – деді Айбек Смадияров брифингте.

Лондонда 42 жастағы адамның мәйіті табылған. Оны біреу пышақтап кеткені анықталған. Оқыс оқиғадан кейін, полиция Қазақстан Республикасының тұрғындарын ұстаған.

Сондай-ақ оқыңыз