Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысы туралы жалған ақпарат таратпауды сұрады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қорғаныс министрлігі жалған ақпарат таратпауды сұрады / Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған ақпарат таратпауды сұрады.

«Жаңа оқу кезеңінің басталуына орай биылғы жылдың 3-6 маусым аралығында Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өтпек. Осыған байланысты жеке құрам жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі полигондарға жеткізіледі. Онда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды», – делінген хабарламада.

Әскери жаттығу кезінде бөлімшелердің міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланбақ.

Осыған байланысты министрлік әлеуметтік желілерді әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауды сұрады.

Қорғаныс министрлігі 11-19 наурызда Қарағанды облысының аумағында екі жақты командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізді. Осыған байланысты ведомство азаматтардан өтіп жатқан оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, тыныштық сақтауды сұраған.

ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан Украина үшін ресейлік әскери өнімдерді сатып алатыны туралы ақпаратты да жоққа шығарған. 7 наурызда ресейлік БАҚ «Киев Астанамен ресейлік әскери өнімдерді сатып алу мәселесін талқылап, қос тарап осы бағыттағы келіссөздерді бастады» деген ақпарат таратты.

Алайда бұл ақпаратты министрлік  жоққа шығарды.

«БАҚ-пен әлеуметтік желілерде таратылған Қазақстан Украина Қарулы күштерінің қажеттілігі үшін ресейлік әскери өнімдерді сатып алу туралы «Укрспецэкспортпен» келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. 2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын хабарлаймыз. Мұндай тұспалдаулар Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған. Азаматтар мен БАҚ-тан қауесеттерге көңіл аудармауды, тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймыз», – деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар Ресей «Украинадағы соғысқа арналған зымырандарды қазақтарға сынақтан өткізіп» жатқаны жалған болды. Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев БАҚ-та тараған ақпаратты жоққа шығарды. Алайда ресейлік зымырандарды Қазақстанда қауіпсіз сынақтан өткізу жайлы айтқанда, Жазықбаев БАҚ-та хабарланған емес, басқа полигонды мысалға келтірді. 

Сондай-ақ оқыңыз