Тейлор Свифт ұнататын аяқ киім мен бесікарбалар: маусым айының басындағы IPO туралы ең басты жаңалықтар

Жарияланды

Миландағы биржада италиялық аяқ киім өндіруші Golden Goose 100 миллионға акция сатпақ / Фото: Unsplash / Aleks Marinkovic

Танымал адамдар жақсы көретін италиялық кроссовка бренді Миланда өз IPO-сының параметрлерін жариялады. АҚШ-та биыл листинг жөнінен үздік үштікке де кірмейтін, тіпті Kaspi.kz-тен де төмен америкалық компанияның ең ірі IPO-сы өтуі мүмкін. Германияда кресло-бесікарба өндіруші биржаға дайындала бастады, ал автобуспен және теміржолмен тасымалдаушы – Flix өз акцияларын орналастыру жұмысын кейінге қалдырды. IPO әлемінің осы және басқа да жаңалықтарынан хабардар болыңыз.

Алда кімдер акция орналастырады?

Тейлор Свифт пен Селена Гомес киетін италиялық аяқ киім бренді Golden Goose маусым айында Миланда IPO өткізіп, 100 миллион еуроға акция сатпақ. Ол Италиядағы жылдың ең үлкен листингі болайын деп тұр. Қағаздардың бір бөлігін жалғыз акционер – жеке инвестициялық компания Permira ұсынады, қалғаны – жаңа акциялар. Компания IPO параметрлерін акцияларды орналастыратын күніне таяу жариялайды. Орналастыру нәтижесі бойынша Golden Goose-ті, қарызын ескере отырып, шамамен 3 миллиард еуроға бағалауы мүмкін деген болатын Bloomberg.

— Медициналық саладағы төлемге арналған бағдарламалық жасақтама әзірлеушісі – америкалық Waystar Holding АҚШ-тағы IPO нәтижесінде 3,83 млрд долларға бағалануды көздейді. Waystar әр данасын 20-23 доллардан, барлығы 1,04 млрд долларға 45 млн акциясын сатпақ. Егер Waystar IPO-сы жоғарғы шегінде өтсе, ол биылғы жылы америкалық компания үшін ең ірі IPO болады. Бірақ бәрібір АҚШ-тағы үздік листинг үштігіне кірмейді. Онда шетелдік компаниялар көш бастап тұр, оның бірі – қазақстандық Kaspi.kz.

— Алюминий өндіруші Novelis АҚШ-тағы IPO арқылы 12,6 млрд долларға дейін бағалануды көздейді. Ол әр данасын 18-21 доллардан, 45 млн акциясын сатып, 945 млн долларға дейін ақша түсірсем деп үміттенеді. Novelis клиенттерінің қатарында Coca-Cola, Ford, Jaguar және Land Rover бар. Компания үндістандық кәсіпкер Кумар Мангалам Бирлеге тиесілі.

– Кресло-бесікарба өндіретін неміс компаниясы Sunrise Medical өз акцияларын Франкфуртте биржаға орналастырып, 240 миллион еуро тартуға шешім қабылдады. Листинг қорытындысы бойынша компания шамамен 2 миллиард еуроға бағалануы мүмкін дейді Bloomberg. IPO биылғы жазда өтуі мүмкін.

Hyundai Motor өзінің үндістандық бөлімшесінің IPO жөніндегі кеңесшісі ретінде Morgan Stanley мен Kotak Mahindra Bank банктерін жалдады. Бұл туралы өз дерекөзіне сұйене отырып Bloomberg хабарлайды. Бұл листинг шамамен 2,5 млрд доллар әкеліп, Үндістан нарығы тарихындағы ең ірі листингтің бірі болуы мүмкін дейді агенттік. Hyundai бұған дейін Citigroup, HSBC Holdings және JPMorgan Chase & Co банктерін де мәміле бойынша жұмыс істеуге тартқан болатын.

Alef Еducation онлайн білім беру компаниясы Абу-Дабидегі өзінің IPO-сы үшін 1,3-тен 1,35 дирхамға дейін ($0,35-0,37) деп баға белгіледі. Жоғарғы шек бойымен орналастырылған жағдайда бүкіл компания 9,45 млрд дирхамға ($2,6 млрд) бағаланады, ал оның акционерлері 1,89 млрд дирхамға ($515 млн) дейін табыс табады. Биылдыққа бұл – әмірлікте өтетін бірінші IPO. Ал көршілес Дубайда екі рет ірі мөлшерде акция орналастырылып үлгерді.

IPO-сын кейінге ысырғандар мен өз жоспарынан бас тартқандар

— Bloomberg басылымының жазуынша, Швед аккумулятор өндірушісі Northvolt 2024 жылы листинг өткізуі мүмкін деген болса да, биыл емес, 2025 жылы IPO өткізуді жоспарлап жатыр деп хабарлады Bloomberg дереккөзі. Tesla-ның бұрынғы екі менеджері құрған бұл компания қарыз бен инвестиция түрінде 13 млрд доллардан астам қаражат жинады.

— Маусымда акцияларын Франкфуртте орналастырмақ болған автобуспен және теміржолмен тасымалдаушы неміс компаниясы Flix (FlixBus және Flixtrain брендтері) листингке қатысты жоспарын кейінге қалдырды. Себеп бағалау құнына қатысты келіспеушілікте: компанияның өзі шамамен 4 млрд еуро немесе одан да көп қаражат келуге тиіс деп есептейді дейді агенттіктің сұхбаттасушылары. Енді ең ерте өтті дегеннің өзінде, Flix IPO-сы қыркүйекте бір-ақ өтуі мүмкін деп отыр олар.

— Бірқатар азық-түлік бренді мен Starbucks және TFI Fridays сияқты халықаралық брендтерді тарату құқығына ие норвегиялық Jordanes ASA Ослода IPO өткізбейтін болды. Нарықтағы жағдай қолайсыз дейді компания. 23 мамырда компания бір акция үшін 29 крон деген бағамен қайта қол қойылғанын хабарлаған болатын. Бұл – жарияланған баға диапазонының төменгі шегі.

IPO әлеміндегі басқа да маңызды жаңалықтар

— IPO саласында бірнеше жылға созылған «қуаңшылық» біртіндеп аяқталып келеді дейді британиялық банк Barclays. Инвесторлардың пайыздық мөлшерлемелерге қатысты алаңдаушылығына байланысты нарықта үлкен листинг аз болды. Бұл туралы мәміле андеррайтерингі бизнесінің басшысы Том Сверлинг мәлімдеді. Енді АҚШ пен Еуропада бәрі айқынырақ бола бастап еді, инвесторлар IPO-ға көбірек назар аударатын болды дейді ол. Еуропада жыл басынан бері 12,4 млрд доллар көлемінде акция алғаш орналастырылды. 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл – екі есе көп. Алайда, әлемдік деңгеймен салыстырғанда, нарық әлі де артта қалып отыр деп атап өтті Bloomberg.

— Bloomberg сауалнамаға қатысқан инвесторлардың пікірлеріне сілтеме жасай отырып, Еуропадағы орташа компаниялар акцияларының салыстырмалы түрде арзан болуы қымбатырақ жеке компаниялардың листингтен бас тартуына себеп болатынын жазады.

Сондай-ақ оқыңыз