«Қазақфильм» вице-президенті «Көшпенділер» фильмін түсіру кезінде ақша жымқырғаны үшін шартты түрде 5 жылға сотталды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
«Қазақфильм» вице-президенті 5 жылға сотталды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Сот Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының бұрынғы вице-президенті Серік Жұбандықовты «Көшпенділер» фильмін түсіру кезінде қаржы жымқырғаны үшін шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырды.

«Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ бұрынғы вице-президенті С.С. Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды», – делінген Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі хабарламасында

Жұбандықов Алматы облысы Іле өзені жағалауындағы «Көшпенділер» киножобасы аясында нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен салынған «Түркістан қаласы» Бутафор бекінісін заңсыз іске асырып, мемлекетке залал келтіре отыра жымқырған деген күдікке ілінген.

«Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген хабарламада. 

Бұдан бөлек, активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылған.

2023 жылдың 15 қарашасында Антикор «Қазақфильмнің» экс-президенті «Көшпенділер» фильмі үшін салынған Бутафор бекіністі нарықтық құнынан 44 есе арзанға сатты деп тұжырымдаған. Агенттік бұл іске бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысы бар-жоғын тексеруді бастаған.

Сондай-ақ оқыңыз