«Полиметалл» 2029 жылға қарай алтын өндірісін екі есе арттырмақ
Жуырда атауын Solidcore Resources деп өзгертетінін хабарлаған «Полиметалл» 2029 жылға қарай алтын өндірісін екі есе арттырмақ. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар Ертіс тау-кен металлургия кешенінің құрылысына 1 млрд доллардан астам инвестиция құюды жоспарлап отыр.
Айта кететіні, Ертіс тау-кен металлургия кешені Павлодарға жақын жерде орналасады. Ол 2028 жылдың бірінші жартысында іске қосылады деп жоспарланған. Кәсіпорын 15 мың тонна алтын өндіруге қауқарлы. Ол үшін 800 млн доллар сомасында күрделі салым қажет.
«Қолданыстағы кеніштер аз өсіммен салыстырмалы түрде тұрақты өндірісті қамтамасыз етеді деп есептейміз. Дегенмен қазіргі өндірістік жоғары емес. Бірақ тұрақты. Иә, қазіргі спот бағаларындағы немесе алтын бағасының айтарлықтай төмендеуімен қолданыстағы активтер өте жақсы ақша ағындарын қамтамасыз етеді. Бірақ мұндай өндірістік болжам жаһандық инвестицияның назарын аудару үшін жеткіліксіз болатыны анық», – деді компания басшысы Виталий Несис.
«Полиметалл» Қазақстандағы жобаларына, сондай-ақ болашақта бағалы және түсті металдарды өндіру мен өңдеуге баса назар аудара отырып, Тәжікстан, Өзбекстан, Сауд Арабиясы және Оман нарығына шығуды жоспарлап отыр.
Бұған дейін компанияның директорлар кеңесі оның атауын өзгертіп, 2023 жылға дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады.
Құжатқа сүйенсек, ресейлік бизнесті сату «Полиметалл» тобының борыштық жүктемесінің айтарлықтай төмендеуіне әкелген. Осылайша топ өтімділігі артты. Компания Қазақстан мен Орталық Азиядағы жобаларға 1 млрд доллардан астам инвестиция салмақ. Оның ішінде жаңа Ертіс ТМК, сондай-ақ M&A мәмілелері бар.
Бұған дейін Ресейдегі Polymetal Int басшылары санкцияға байланысты қызметінен кетті. Кейін өндіруші қазақстандық активтеріне санкция салынбағанын хабарлады.
Ал биыл қаңтарда ең ірі күміс және алтын өндіруші негізгі акционерінің ауысқанын жария етті.
Компанияның ең ірі акционері – Оман үкіметіне тиесілі Mercury Investments International қоры (23,9%) басқаратын Оман инвесторларының консорциумы. Акцияларының 75%-ы Астана мен Мәскеу қор биржаларында еркін айналымда.