«Дикий Арман» мен Қайрат Құдайберген ісі неге ұзаққа созылып кетті?

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
«Дикий Арман» мен Қайрат Құдайберген ісі неге созылып кетті? / Фото: Kursiv.Media

Бүгін, 14 маусымда, Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған Арман Жұмагелдиевтің ісіне қатысты пікір білдірді.

«Мен істің материалдарымен таныс емеспін және оларға қол жеткізе алмаймын, себебі іс басқа инстанцияда өтіп жатыр. Барлығы істің мән-жайына, процеске қатысушыларға, куәларға, мамандарға, сотталушыларға байланысты. Аудио, бейнежазбалар, жедел-іздестіру іс-шаралары бар, мұның барлығын қорғаушылардың сөздері, өтініштері бар, сот толық тексеруге міндетті», – деп жауап берді Назгүл Рахметуллина журналистердің сұрағына.

«Сот істің мән-жайына байланысты әрбір инстанцияда барлығын жеке шешеді», – деп қосты Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Журналистер Назгүл Рахметуллинадан қылмыстық істі тергеудің неге ұзаққа созылып кеткені туралы сұраған еді.

Айта кетейік, 2022 жылдың 7 қаңтарында ҚР Ішкі істер министрлігі Алматыда криминалдық авторитет «Дикий Арманның», кейінірек Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы хабарлады. Арман Жұмагелдиевпен бірге оның тобының бес мүшесі де ұсталды. Бас прокуратураның мәліметінше, «Дикий Арман» қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде адамдарды ұрлаған.

2023 жылдың 5 қаңтарында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілісте өткен жиында Арман Жұмагелдиев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ҰҚК-дағы кураторының нұсқауымен әрекет еткенін мәлімдеді.

Бұған дейін Қаңтар оқиғасына қатысы бар: «Дикий Арманның» сыбайластары ұсталғаны туралы хабарлаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз