Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды – «Қазгидромет»
2024 жылдың 18 маусымында Ақтөбе, Алматы, түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады. Бұл жайлы «Қазгидромет» хабарлады.
«2024 жылдың 18 маусым тәулік бойы, 19 маусым түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», – делінген Алматының ауа райына қатысты жасалған болжамда.
Атырау мен Ақтөбеде де метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың түнде жиналуына ықпал етеді.
Ал, жалпы алғанда, Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктер өз әсерін сақтайды. Солтүстік өңірлерде найзағай мен жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жалпы барлық өңірде желдің күшеюі күтіледі.
Сондай-ақ күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында қатты ыстық сақталады, ал Алматы облысында қатты ыстық күтіледі. Мұндай ауа-райы Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде сақталып, күн қатты ысуы мүмкін. Ал Маңғыстау облысында қатты ыстықтан өрт қаупі жоғарылайды.
Өрт қаупі Ұлытау, Жамбыл, Алматы облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі, батысында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысы ме орталығында, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай облысының орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысы, шығысында жоғары болады.
Еске сала кетсек, «Курсив» алдағы бірнеше өңірлерде 40 градусқа дейін ыстық болып, күн күркіреп, бұршақ жауатыны жайлы жазған болатын.