«Қазақтелеком» цифрлық технологиялар мен медиаға инвестиция салатын қордың үлесін сатып алды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
«Қазақтелеком» инвестициялық қорының 49,98% үлесін сатып алды / Фото: Асқар Ахметуллин

«Қазақтелеком» Phoenix Fund Limited Partnership инвестициялық қорының 49,98% үлесін сатып алды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған ақпаратта жазылған.

Phoenix Fund Limited серіктестігі Астана халықаралық қаржы орталығында 2024 жылдың 12 маусымында тіркелді. АХҚО ақпаратына сәйкес, қордың негізгі қызметі цифрлық технологиялар мен медиаға инвестиция салу. Бұл ретте «Қазақтелеком» АҚ-ға Kursiv тілшісі инвестициялық қорға қатысты сауал жолдады.

«Қазақтелеком» АҚ өзінің даму стратегиясының бір бөлігі ретінде компания экожүйелік модельге трансформацияға, цифрлық активтерді дамытуға, TV+ мультимедиялық платформасының жоғары сапалы контент мазмұнына және т.б. басымдық береді. Осыған байланысты, компания Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес жаңадан құрылған Phoenix Fund Limited инвестициялық қорына қосылады, оның құрамына цифрлық активтер, синергия және серіктестік кіреді, олар компанияға өнім желісін кеңейтуге және жақсартуға мүмкіндік береді», – деп хабарлады жауабында.

eGov.kz сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, қорды Ернұр Рысмағамбетов басқарған. Ол бұған дейін АХҚО әкімшілігінің басқарма төрағасы қызметін атқарған. Құрылтайшылары «Қазақтелеком», ERG Investments Projects B.V. (Нидерланды) және Digital Opportunities I Limited. АХҚО мәліметтері бойынша, бұл компаниялар қордың шектеулі серіктестері ретінде тіркелген. Ал бас серіктес BTS Digital Ventures Limited венчурлық қоры.

BTS Digital Ventures портфельдік компанияларының бірі – BTS Digital. Оның әзірлемелері арасында Aitu Messenger, eOtinish, Digital ID, Aitu Passport, «Aitu Wallet 2.0» және жедел төлем жүйесі бар.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақтелеком» компаниялар тобына кіретін операторлардың бірін сату туралы әңгіме Қазақстанда көптен бері айтылып келеді. Кейін компания жыл соңына дейін «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ні (Tele 2 және Altel брендтері) сататыны анықталды. Жуырда «Қазақтелеком» акционерлері Tele2 және Altel компанияларын сату туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыз