QazaqGaz екі қатарлық компанияның үлесін сатып алды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
QazaqGaz приобрел 50-процентную долю в частной катарской компании
QazaqGaz екі қатарлық компанияның үлесін сатып алды / akorda.kz, бильд-редактор: Денис Андреев

QazaqGaz ұлттық компаниясы CS-14-Qostanay жеке компаниясының 50% және Kashagan Gas Treatment Plant 2.5 bcma Ltd компаниясының 25% үлесін сатып алды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтындағы QazaqGaz өтінімінде жазылған. Екі компанияның да соңғы иесі – Power International Holding WLL. 

CS-14-Qostanaу және Kashagan Gas Treatment Plant 2.5 BCMA «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) 1 шілдеде тіркелген. EGov мәліметтері бойынша, екі компанияның басшысы – Ұлан Бүркітов. 

Kashagan gas Treatment Plant 2.5 BCMA компаниясының QazaqGaz-дан өзге UCC Qazaqstan 2 (9 мамырда Qatar Financial Center-де тіркелген) атты үлескері бар. Бұл компания Power International Holding WLL компаниясының еншілес ұйымы болатын катарлық Urbacon Concessions Investments W.L.L. компаниясына тиесілі.

CS-14-Qostanay компаниясына QazaqGaz-дан бөлек, UCC Qazaqstan 6 компаниясы иелік етеді. АХҚО мәліметтері бойынша оның CS-14-Qostanay-дағы үлесі UCC Qazaqstan 5 компаниясына тиесілі. Қатар қаржы орталығының сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, бұл екі түрлі заңды тұлға. Алайда екеуі де Қатардың Urbacon Concessions Investments W.L.L. компаниясына тиесілі, 16 сәуірде Қатардың қаржы орталығында тіркелген. Urbacon Concessions Investments W.L.L.-ге тиесілі үш заңды тұлғаның лицензиясы 2024 жылдың соңында аяқталады.

Қазақстан Катармен бірлесіп заманауи газ өңдеу өнеркәсібін құрады. Бұл жайлы 2024 жылы мамыр айында премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Қазақстан тарапы Катардың UCC Holding компаниясымен бірлесіп, қуаттылығы жылына 1 млрд және 2,5 млрд текше метр болатын екі газ өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге жаңа КС-14 компрессорлық стансасы және «КС-14-Қостанай-Ақтөбе» магистралды газ құбыры, сондай-ақ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ екінші желісі салынады.

Сондай-ақ оқыңыз