Цукерберг Threads желісін ай сайын белсенді қолданатындар саны 175 миллионнан асқанын хабарлады

Жарияланды (жаңартылды )
Threads желісін ай сайын белсенді қолданатындар саны 175 миллионнан асты / kursiv.media

Бас директор Марк Цукерберг сәрсенбі, 3 шілдеде, Meta-ның жаңа әлеуметтік платформасы – Threads-ті айына 175 миллионнан астам аккаунт белсенді қолданатынын айтты. Цукерберг осы әлеуметтік желіге 1 жыл толуына екі күн қалғанда жазды.

Reuters басылымының жазғанындай, ақпан айында Threads MAU-ді қолданушылар саны 150 миллионнан асқан.

Марктің пікіріне сүйенсек, ай сайынғы қолданушылар саны Threads танымалдығының нақты көрсеткіші емес. Күнделікті белсенді пайдаланушылар және әрқайсының жұмсайтын орташа уақыт өлшемі жаңа желінің артықшылығын дәлелдейді.

6 шілдеде Meta Threads желісін іске қосты. Марк сол кезде оның Twitter-ге бәсекелес болатынын айтты.

Илон Маск Twitter платформасын сатып алып оны Х әлеуметтік желісіне айналдырды. Х бір жыл ішінде 100 миллион жазылушыны тартып үлгерген.

Желі қолданушыларының біраз бөлігі алғаш пайдаланғаннан кейін Threads-тен кетіп қалғаны мәлім болды. SimilarWeb мәліметтері бойынша Threads іске қосылғаннан кейін бір айдан астам уақыт ішінде оны пайдалану уақыты шамамен 85%-ға қысқарған. Цукерберг соған қарамастан, оны дамытуға күш салып келеді.

Сарапшылар Threads жаңа әлеуметтік желісі арқылы түрлі алаяқтық схемалар пайда болғанын ескерткен. Threads-тің веб-нұсқасы жоқ. Алаяқтар жалған веб-нұсқасы жасырылған фишингтік беттерді әзірлеген. Сондықтан осындай ресурсқа аккаунтыңыздың деректерін енгізсе, желі қолданушылр «торға түсіп қалуы мүмкін».

Meta былтыр Threads әлеуметтік желісінің веб-нұсқасын іске қосуға шешім қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыз