Парижде сайлаудан кейін жаппай тәртіпсіздіктер басталды: Макрон партиясы екінші орында

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Парижде сайлаудан кейін жаппай тәртіпсіздіктер басталды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Франция парламентіне кезектен тыс сайлаудың қорытындылары жарияланғаннан кейін Париждің орталығында жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Алайда бұл қарсылық акциясы емес. Бұл жеңіске жеткен «Халық майданы» партиясы жақтастарының акциялары.

DW ақпаратына сүйенсек, полиция оларды тоқтатпақ болған. Алайда солшыл коалицияның жеңісін тойлап жатқан париждіктер отшашулар, түтін бомбалары және басқа да заттарды қолданып полицияға қарсы шыққан. Акцияға қатысушылар аялдамаларды, дүкен сөрелерін және кафелерді қиратқан. Полицейлер көзден жас ағызатын газды қолданып, бірнеше адамды тұтқындаған.

Париж полициясының мәліметінше, Республика алаңындағы демонстрацияға барлығы 8000-ге жуық адам қатысты. Олардың қаншасы тәртіпсіздіктерге қатысқаны белгісіз.

Француздық басылымдар акция нәтижесінде бір полицейдің зардап шеккенін жазуда. 

Франциядағы мерзімінен бұрын өткен парламенттік сайлаудың екінші турында бейресми алдын ала нәтижелерге сәйкес, күтпеген жерден солшыл, коммунистік, социал-демократиялық және «Халық майданы» солшыл альянсы бірінші орынға шықты. Олар 187-ден 198-ге дейін орын ала алады.

Екінші орында, алдын-ала мәліметтер бойынша, 161-ден 169-ға дейін мандат берілген президент Макрон партиясы орналасқан. Үшіншісі Марин Ле Пен мен Джордан Барделланың парламентке 135-тен 143-ке дейін депутат өткізе алатын оңшыл «Ұлттық бірлестігі» болуы мүмкін. Абсолютті көпшілік үшін 577 орынның 289-ы қажет.

30 маусым Франциядан парламенттік сайлаудың бірінші туры өтті. Марин Ле Пен мен Джордан Барделланың «Ұлттық бірлестігі» бірінші турда көш бастап тұр. Президент Эммануель Макронның «Бірге» альянсы әзірге үшінші орында.

Дәлірек айтқанда, «Ұлттық бірлестікте» 34% дауыс бар, олар парламентте 230-дан 280-ге дейін орын алу мүмкін. Екінші орында — «Жаңа Халық майданы» солшыл коалициясы. Жан-Люк Меланчон, социалистер, коммунистер және «жасылдар» басын қосқан солшылдар альянсы 28% жинап, 125-тен 165-ке дейін мандат иемденуі мүмкін. Президент Макронның «Бірге» альянсы 20% дауыспен 70-тен 100-ге дейін орын ала алады.

577 орындық парламентте көп дауыс жинаған партия премьер-министрді тағайындайды. Ал президент биліктен кету-кетпеу туралы шешімді өзі қабылдайды. Макрон биліктен кетпейтінін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз