Жаңатас қаласындағы су басқан үйлерге келген шығын есептеліп жатыр
Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласына су басқан үйлерге келген материалдық шығынды есептейтін комиссия құрылған. Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су сору жұмыстарын жалғастырып жатыр.
7 шілдесі күні Сарысу ауданы аумағында қатты жауын-шашын салдарынан бірқатар көшедегі 400-ден астам үйдің ауласы, 47 үйдің іші мен 1 мектептің жертөлесін су алды. Қазіргі кезде 128 аула мен 47 үйдің іші судан тазартылды.
Жаңатас қаласындағы екі елдімекен (Малоэтажка, Дегерес) жарыққа қосылған. Тек Д. Қонаев орта мектебінде судан тазарту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жарық әлі берілмеді.
8 шілде күні ұшқызсыз ұшу аппаратының көмегімен су деңгейінің едәуір төмендегені анықталған. Адам, мал шығыны жоқ.
Зардап шеккен тұрғындар үшін 105 орындық екі қабылдау пункті дайындыққа келтіріліп, оған 12 адам орналыстырылды. Қазір олар өз еріктерімен үйлеріне қайтарылды.
«Жаңатас–Саудакент» тас жолы ашық.
Әкімдік төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғау қызметтерінен 282 адам, 64 техника, 35 мотопомпа және 1 ұшқызсыз ұшу аппараты жұмылдырылғанын атап өтті.