Алматы қаласының екі ауданында суық су болмайды
16 шілдеде Алматының Бостандық және Медеу ауданында суық су болмайды. Өйткені осы аудандардағы кейбір көшеде су құбыры ауыстырыларды. Алматы қаласының әкімдігі су сапасының өзгеруіне байланысты тұрғындарға кір және ыдыс жуатын машинаны қолданбауды ұсынды.
Қаланың екі ауданындағы мына көшелерде су өшіріледі:
- Медеу ауданы: Достық даңғылы, Қажымұқан көшесі, Назарбаев даңғылы, Сәтпаев көшесі, Самал-1, 2, 3 ықшам аудандары.
- Бостандық ауданы: Әл-Фараби даңғылы, Желтоқсан көшесі, Ганди көшесі, Назарбаев даңғылы.
«Жұмыстар аяқталғаннан кейін, судың сапасында уақытша өзгерістер болуы мүмкін. Сондықтан су желілері толық тазаланғанға дейін кір жуу және ыдыс жуатын машиналарды пайдаланбаған жөн. Толығырақ ақпаратты «Алматы Су» диспетчерлік қызметінен 274-66-66 ала аласыз.», — деп хабарлайды Алматы әкімдігі.
Бұған дейін Алматыда борышкерлер ыстық судан ажыратылатынын ескерткен. Өйткені жылу мен суға қарыз 2,1 млрд теңгеге жеткен. Коммуналдық ақыны екі айдан аса кешіктірген адам борышкер қатарына кіреді. Коммуналдық қызметтер алдымен қарызды өтеу туралы хабарлама жібереді. Тұрғын сонда да қарызын төлемесе, онда басқа шаралар қолданылады