17 шілде күні Қазақстанның барлық аумағында телерадио арналардың трансляциясы тоқтатылады
17 шілде күні телеарналар мен радио желілері жұмыс істемейді. Бұл күні техникалық сервистерде профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл жайлы «Қазтелерадио» АҚ компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді»,- делінген баспасөз хабарламасында.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәрсенбі күні түнгі сағат 03:00 мен күндізгі сағат 7:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер толық жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, Қазақстанның барлық аумағында телерадио арналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.