Алтын бағасы тарихи рекордты жаңартты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Алтын унциясы 2,466,02 доллар деңгейінде тұрақтады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алтынның бағасы 2024 жылғы 17 шілдедегі сауда-саттық барысында бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жетті. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

«АҚШ қыркүйек айында пайыздық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін деген ақпарат алтын бағасы сәрсенбі күні бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілуіне ықпал етті», – деп жазды агенттік.

Спот алтынның унциясы 2,466,02 доллар деңгейінде тұрақтады. АҚШ-тың алтын фьючерстері 0,1%-ға өсіп, 2 470,20 долларды құрады.

«Инвесторлар төмен пайыздық мөлшерлемеге дайын болғандықтан, алтын жаңа жоғары деңгейге жетті. Келесі шұғыл мақсат – унциясына 2,500 доллар дәлізі. Дегенмен егер ағымдағы серпін жалғаса берсе жылдың соңына қарай бағаның осы деңгейден алшақтауы болжанып отыр», – деді KCM Trade бас талдаушысы Тим Уотер.

Сарапшылар ФРЖ осы айдың отырысында мөлшерлемелерді төмендетеді деп есептемейді.

Сондай-ақ Еуропалық Орталық банк, Англия банкі және Қытай Халық банкі жақын арада ақша-несие саясатын жеңілдетуге көшеді деп күтілуде. Бұл Еуропа мен Азияда бағалы металдарға сұранысты арттырады.

Бұған дейін 2024 жылғы сәуірде құнды мелалл бағасы тарихи рекорд жаңартып, бір унциясы үшін 2400 доллардан асты.

2023 жылдың желтоқсан айында  айында металл шамамен 16%-ға қымбаттады. Бұндай өсімге  Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыстың басталуы себеп болды.

Сарапшылар 2024 жылдың күзіне қарай алтын мен күміс бағасы одан әрі қымбаттап, унциясын 2200 долларда асуы мүмкін деген болжам жасаған еді. Алайда алтын сарапшылар болжамынан да жылдам қымбаттап барады

Сондай-ақ оқыңыз