Азия даму банкі Қазақстан экономикасының өсіміне қатысты болжамын өзгеріссіз қалдырды
Азияның даму банкі болжамына сәйкес, Қазақстанның 2024 жылға арналған экономикалық өсу болжамы 3,8% деңгейінде қалды. Сонымен қатар даму институты елдің 2025 жылға арналған экономикалық өсу болжамын 5,3% деңгейінде сақтады.
«Өңірдегі ең ірі экономика Қазақстан экономикасының өсу болжамы өзгеріссіз қалды. 2024 жылдың бірінші тоқсанында құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және қызмет көрсету салаларындағы экономика 3,7%-ға өсті. Құрылыс және өңдеу өнеркәсібі биылғы жылы экономикалық өсімнің негізгі драйверлері болып қала береді. Үкімет. 30 жылдағы ең ісі су тасқынынан кейін зақымдалған инфрақұрылымды қалпына келтіруге көмектесу, құрылыстың қарқынды өсуін қамтамасыз етеді », – деп жазылған шолуда.
АДБ 2025 жылдың екінші тоқсанында «Теңіз» кен орнын кеңейту жобасы аяқталғаннан кейін тау-кен өндірісі Қазақстан экономикасының орта мерзімді өсіміне елеулі үлес қосады деп болжады.
Инфляцияға қатысты болжамдар да өзгеріссіз қалды. Осылайша АДБ сарапшыларының болжамы бойынша инфляция сәуір айындағы болжамдағыдай 2024 жылы 8,7%-ға және 2025 жылы 6,3%-ға дейін біртіндеп бәсеңдейді.
Еске сала кетсек, су тасқыны салдарынан Қазақстан экономикасының өсу қарқыны баяулаған.
Қазақстанның 2024–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 5,8%-ды құрайды делінген.
2024 жылы экономика 5,3%-ға, ал 2028 жылға қарай қарқын 6%-ға дейін өседі деген болжам жасалған еді. Өнеркәсіп саласындағы орташа жылдық өсу қарқыны 4 пайызды құрайды.
Еуразиялық экономикалық даму банкінің 2024-2026 жылдарға арналған болжамына сәйкес, 2024 жылы Қазақстан экономикасы 5%-ға көтеріліп, инфляция 7,1%-ға дейін төмендемек.
Қазақстан экономикасының өсімі 2023 жылдың қорытындысы бойынша 5,1%-ды құрады. 2023 жылы Қазақстанда инфляция 2022 жылғы 20,3%-ға қарсы 9,8%-ға тұрақтады.