Қытай азаматы қазақстандық мұнай компаниясынан дивиденд алмау туралы шешім қабылдады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
24 млрд теңге таза табыстың барлығы компанияның қарамағында қалды / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

«Матен Петролиум» компаниясына тиесілі «ҚоЖан» мұнай компаниясының жалғыз акционері акционерлердің жылдық жиналысында 2023 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады.

Бұл ретте қаржылық есептілікте соңғы бақылаушы тарапы Хуэй Линг ретінде көрсетілген.

«Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «ҚоЖан» АҚ (Атырау) оның жалғыз акционерінің 2024 жылдың 15 шілдесіндегі шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционеркомпанияның 2023 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін; компанияның 2023 жылдағы таза табысы 23 млрд 956 млн теңге мөлшерінде компанияның бөлінбеген табысы қалсын, жай акциялар бойынша 2023 жылға дивидендтер төленбесіндеген шешім қабылдады», – деп жазылған Қазақстан қор биржасы жариялаған есепте.

Осылайша 24 млрд теңге таза табыстың барлығы компанияның қарамағында қалды.

Еске сала кетсек, қытайлық кәсіпкер Қазақстанда жаңа кен орнын ашатынын мәлімдеген. Жаңа кен орны Алматы маңында болады. Бұл істі Pacific Holding Company басқарма төрағасы Цзян Сяофу қолға алмақшы.

Сондай-ақ оқыңыз