«Қазақтелеком» басқармасының құрамына тағы төрт адам қосылды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Енді «Қазақтелеком» АҚ басқармасы жеті адамнан тұрады / Коллаж: kursiv.media

«Қазақтелеком» АҚ басқармасының құрамына тағы тағы төрт адам сайланды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.

«Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Қазақтелеком» АҚ директорлар кеңесінің 2024 жылдың 18 шілдесіндегі шешімімен компания басқармасының құрамына келесілер сайланғанын KASE-ге хабарлады», – деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін компанияның басқарма құрамы екі есе қысқартылған болса. Енді тізімге Арнұр Нұрқатов, Игорь Погребицкий, Ләззәт Басқанбаева, Еркебұлан Мейрамов қосылды.

Енгізілген өзгерістерді ескерсек, «Қазақтелеком» басқармасы жеті адамнан тұрады. Оның ішінде Бағдат Мусин, Арнұр Нұрқатов, Игорь Погребицкий, Әлібек Индыкбаев, Ләззәт Басқанбаева, Нұрлан Мейірманов, Еркебұлан Мейрамов бар.

Еске сала кетсек, 2024 жылғы 15 шілдеде «Қазақтелеком» директорлар кеңесінің құрамы екі есе қысқарған еді. Сол тұста директорлар кеңесінің 5 шілдедегі шешімімен компания басқармасының құрамынан Людмила Атамуратова, Берік Битабаров, Наталья Лян шығарылған.

Бұл өзгерістердің нәтижесінде «Қазақтелеком» АҚ басқармасы үш
адамнан құралып, құрамына Бағдат Мусин, Әлібек Индыкбаев, Нұрлан Мейрманов кірді. Осылайша компанияның директорлар кеңесі екі есе азайған.

2024 жылғы 10 маусымда Бағдат Мусин компания басшысы болып тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз