Қазақстанға бейресми жолмен әкелінген барлық ZEEKR көліктері бұғатталады

Жарияланды 29 Шілде 2024 18:09

(жаңартылды 29 Шілде 2024 18:32)
Құралай Құдайберген

Құралай Құдайберген

Business News бөлімінің тілшісі q.qudaibergen@kursiv.media
Шектеу тек 2024 жылдың 15 шілдесінен кейін шығарылған ZEEKR-ге қатысты / Фото: Reuters

Қазақстанға бейресми түрде әкелінген ZEEKR көліктері бұғатталды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тарады. ZEEKR International өкілі Tengriauto-ға берген түсініктемесінде ақпаратты растады.

Бірақ шектеу тек 2024 жылдың 15 шілдесінен кейін шығарылған автокөліктерге қатысты болмақ. Яғни Қазақстан аумағына бұған дейін әкелінген көліктерге шектеу енгізілмейді.

Ал 15 шілдеден кейін конвейерден шыққан ZEEKR автокөліктері өндіруші рұқсат етпеген SIM карталарын пайдаланған жағдайда жүргізушілерге олардың көлігі бұғатталатыны туралы ескертіледі. Автокөлік негізгі қызмет көрсету аймағынан тыс жерде болса, көлікті Қытайға қайтару ұсынылады.

«Егер бұл ескерту еленбесе, екінші хабарландырудан кейін экран функциялары толық бұғатталады да, қосымша көмек алу үшін ZEEKR компаниясына хабарласуға шақырады. Бұл шара уәкілетті дистрибьютор арқылы жергілікті заңдар мен талаптарға сәйкес келетін көліктерді ұсыну арқылы тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданды», – деп хабарлады рести дистрибьютор.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасына аталған марканың алғашқы ресми жеткізілімдері 2023 жылдың желтоқсанында басталды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, қытайлық электрлік көлік өндіруші Zeekr (Geely-дің премиум бренді) Нью-Йорктегі IPO кезінде акцияларын ең жоғарғы бағамен сатты, соның нәтижесінде компания бастапқыда 441 миллион доллар жинады. Енді барлығы 21 миллион америкалық депозитарлық акция әрбірі 21 долларға сатылады, яғни компанияның жалпы құны 5,1 миллиард долларға барады.

Сондай-ақ оқыңыз