Парижде Алматы спорт басқармасының бастығы Ерден Хайруллин қайтыс болды
Парижде Алматы спорт басқармасының бастығы Ерден Хайруллин қайтыс болды. Бұл ақпаратты Алматы қаласының әкімдігі растады.
Әкімдіктің мәліметінше, Хайруллин 2024 жылғы Париж Олимпиадасына іссапармен барған. Алдын ала ақпарат бойынша, оның кенеттен жүрегі тоқтап қалған.
«Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Хайруллин Ерден Рашидұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз», делінген хабарламада.
Ерден Хайруллин Алмалы ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіптік даму бөлімінің бас маманы, 2012 жылдан 2019 жылға дейін кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2019 жылдан 2022 жылға дейін Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2022 жылдың мамыр айында спорт басқармасының бастығы болып тағайындалды.