Екі рет аукционға шығарылып, иесін таппаған Қостанай халықаралық әуежайы тағы да тендерге түспек

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қостанай халықаралық әуежайы 2018 жылы да сатылымға шығарылған / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Екі рет аукционға шығарылып, иесін таппаған «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайы» тағы да тендерге түспек. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы хабарлады.

Аукцион 2024 жылғы 26 қыркүйекте өтеді. Сатылымға нысанның 49%-ы шығарылады.

«Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ ақцияларының мемлекеттік пакетінің 49%-ы бойынша тендер өткізеді», – деп жазылған хабарламада.

Тендер талаптары: осы бағытта 5 жыл қызмет етуі, қолданыстағы штат санын сақтау.

Сауда-саттық 26 қыркүйекте сағат 10.00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің e-qazyna.kz  веб-порталында өтеді.

Әуежай бұған дейін екі рет аукционға шығарылып, сатып алатын адам болмаған еді. Мәселен, соңғы рет 2018 жылы аукционға шығарылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Үкімет Атырау әуежайын қатарлық инвесторға сатуға рұқсат берген еді.

Сондай-ақ оқыңыз