Алматы-1 вокзалындағы жеке кассада билеттер екі есе қымбатқа сатылғаны мәлім болды

Жарияланды (жаңартылды )
Жеке кассада билет бағасы шарықтап тұр/ фото kursiv.media

ҚТЖ билетті қолдан сататын делдалдармен күресті күшейтті. Алматы-1 теміржол вокзалын тағы да тексерді. Соның барысында жеке кассада билеттерді белгіленген құнынан екі есе жоғары бағамен сату фактісі анықталды.

«Тексеру кезінде жеке кассаның жұмысы тоқтатылды. Тергеп-тексеруге арналған материалдар уәкілетті органдарға берілді», – деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК” АҚ баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы-2 вокзалының жеке кассасында жол жүру құжаттарын қайта сатудың алаяқтық схемасы әшкере болды.

Компания өкілдері кезекті рейд кезінде Шымкент станциясындағы бірінен жолаушының билетсіз пойызға отырғанын анықтады. «Шымкент – Астана» пойызының жолсеріктері пойызға билетсіз мінген адамды белгілі бір сомаға алып жүруге келіскен. Тергеу қорытындысы бойынша пойыз бастығы мен жолсерік жұмыстан шығарылды, ал екінші жолсерік пен Шымкент станциясы учаскесі бастығының орынбасарына қатаң сөгіс берілді.

ҚТЖ бұған дейін де Алматы-1 темір жол бекетінде қолдан билетке сұранысты көбейту, жасырын жолмен қайтадан сату бойынша деректі анықтады. Тергеу кезінде темір жол бекетінің басшысы қызметінен уақытша шеттетілді. 

Сондай-ақ оқыңыз