Еркін Ғаббасов Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Еркін Ғаббасов Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері / фото: туризм және спорт министрлігі

Еркін Ғаббасов Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында нысана көздеуден күміс жүлдегері атанып, ел қоржынына алғашқы медальді алып келді, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.

Министрліктің мәліметіне сүйінсек, R1 санатында винтовкамен 10 метрге пара оқ атудан сынға түскен қазақстандық спортшы күміс жүлдеге қол жеткізді.

Алтын медальды 249.4 ұпай жинаған Корея спортшысы Парк Дж, ал қола медаль 226 ұпай жинаған Дания елінің спортшысы еншіледі.

Еске сала кетейік, Париждегі Паралимпиадаға Қазақстан атынан 44 спортшы барды. Қазақстан атынан XVII жазғы Паралимпиада ойындарына спорттың 9 түрінен 44 спортшы қатысады. Жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтеді. 

Айта кетейік, 2021 жылы Токиода өткен Паралимпиада ойындарында Қазақстан 1 алтын (Давид Дегтярев), 3 күміс (Ануар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина), 1 қола (Нұрдәулет Жұмағали) медаль иеленген. Бұл ойындарға ел атынан 7 спорт түрінен 26 спортшы қатысқан.

Сондай-ақ оқыңыз