Қазақстанда жұмыссыздар үшін медициналық сақтандыру қорына жарнаны енді әкімдіктер аударуға міндеттеледі

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Медициналық сақтандыру қорына аударымдар мөлшерлемесі өзгереді / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакеті әзірленеді. Ол екі бөліктен тұрады. Яғни кепілдендірілген және базалық сақтандыру. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты.

«Жобада жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары қарастырылады. Бұл – жергілікті бюджет есебінен ресми жұмыссыз ретінде тіркелгендерге жарна төлеу. Сонымен қатар медициналық сақтандыру қорына жарналардың шекті мөлшерлемесін өзгертуге қатысты», – деді Дүйсенова.

Демек алдағы уақытта медициналық сақтандыру қорына аударымдар мөлшерлемесі де өзгереді.

Еске сала кетсек, президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакетін әзірлеуді ұсынды. Ол биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 3,3 триллион теңге қаржы бөлінгенімен, оның нәтижесі көрінбейтінін айтты. 

Президент цифрландыру болмаса, мұндай ауқымды өзгерістерді сәтті жүзеге асыру мүмкін болмайтынын да атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз